Іс-шаралар
| "Қостанай облысы білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы туралы" қысқаша баяндама (2010 ж.) |
|
|
|
Облыстық баяндама ауданаралық салыстырмалы аспектілердегі білім беру жағдайы мен оның даму тенденцияларын жыл сайын ақпараттық-сараптамалық шолуы болып табылады. 2010 жылғы Баяндаманың мазмұнына кешенді салыстырмалы және контекстік талдау, 2007-2009 жылдар динамикасындағы білім беру жүйесінің жағдайы мен даму индикаторлары мен көрсеткіштерін түсіндіру, тенденциялар мен ненізгі мәселелерді анықтау кіреді. Баяндама басқару шешімдерін қабылдау үшін нақты ақпараттармен қамтамасыз ету мақсатында атқарушы өкімет органдарына білім беру жүйесінің қызметкерлеріне арналған. Сондай-ақ, Баяндама облыстың білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы, оның қызметінің тиімділігі туралы кеңінен ақпараттандыру мақсатында оқушылардың ата-аналарына, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары мен бұқаралық ақпарат құралдарына арналады.
|




