Облыстың білім мекемелерінің мұғалімдері мен оқушыларын компьютерлік және Интернет-технологияларға оқыту.
Білім беру сапасын бағалаудың оңтайлы мәселелерін және ақпараттық технологияларды енгізу бойынша ғылыми-теориялық және практикалық конференцияларды, тақырыптық курстар мен семинарларды, байқауларды және көрмелерді ұйымдастыру және өткізу.
Компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.
Білімдегі жаңа ақпараттық технологияларды қолдану бойынша аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттер қызметкерлеріне, мектеп мұғалімдеріне, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі оқу орындарының оқытушыларына әдістемелік көмек көрсету.
Жаңа буынның білімдік және Интернет-ресурстарын әзірлеу, оларды бағалау және сараптау.
Облыс педагогтарын білім беру тақырыбы бойынша талдамалық ақпараттармен және жаңалықтармен қамтамасыз ету.