Іс-шаралар
| ОБСБҚ семинары |
|
|
|
Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының 2010 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес білім беру сапасын бағалау облыстық қызметімен 2010 жылының 21 сәуірінде аудандық және қалалар әкімдіктері білім бөлімдерінің сапасын бағалау мәселесі бойынша аудандық мамандар мен әдістемелік кабинет меңгерушілеріне «Қостанай облысындағы білім беру жағдайы: белгіленген мәселелер мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша семинар-практикум өткізілді.
Семинарда келесі мәселелер қарастырылды: 1. 2007-2009 жылдары Қостанай облысындағы білім беру жағдайы облыстық баяндамасы бойынша негізгі қорытындылар. 2. 2007-2009 жылдары Қостанай облысындағы білім беру жағдайы облыстық баяндамасы қорытындылар негізінде тиімді басқару шешімдер қабылдау туралы ұсыныстар. 3. Қостанай облысындағы білім беру жағдайы облыстық баяндаманы жазу үшін білім беру жүйесінің индикаторларын анықтау бойынша ұсыныстар. 4. «Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау» технологиясына сәйкес Қостанай облысындағы жалпы орта білім беру мектептерінің 4 сынып оқушыларын математика пәні бойынша алдағы тестілеу туралы нұсқаулық. |



